Коронавирус антигеніне экспресс-тестілердің тиімділігі жоғары – Жандарбек Бекшин

921

Экспресс-тест 15-20 минут ішінде науқастарды анықтауға мүмкіндік береді, оны мектептерде қолдануға болады.

Коронавирус антигеніне экспресс-тестілердің тиімділігі жоғары – Жандарбек Бекшин

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифинг барысында коронавирус антигеніне экспресс-тесттің тиімділігі мен жүргізілген зерттеулер туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Біз тірі вирусқа да, мутацияға ұшыраған штамға да зерттеу жүргіздік. Біз Қазақстанда импортталған және тіркелген негізгі экспресс-тесттерді зерттедік және жақсы нәтиже алдық. Қазір біз мыңдаған байланыста болғандарды көріп отырмыз, ел ішінде олардың саны он мыңдаған. Экспресс-тест 15-20 минут ішінде науқастарды анықтауға мүмкіндік береді. Оны мектептерде қолдануға болады. Есеп келесі аптаның соңында Денсаулық сақтау министрлігіне жіберіледі", – Жандарбек Бекшин. 

Айтуынша, экспресс-тесттерді қолдану тек қаржылық ресурстарды ғана емес, сонымен қатар медицина қызметкерлерінің күшін де үнемдеуге мүмкіндік береді.  

"Менің ойымша, бұл модель Қазақстанның барлық аумағында қажет болады", – деп қосты қаланың бас санитар дәрігері.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу