Коронавирус: ауру жұқтырғандар саны 704-ке жетті

708

Қазақстандағы коронавирус бойынша 8 сәуір сағат 08:45-тегі эпидемиологиялық жағдай.

Коронавирус: ауру жұқтырғандар саны 704-ке жетті

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тiркелдi, Қызылорда облысында – 3 адам, Атырау облысында – 4 адам. Ресми ақпарат шұғыл штабтан хабарланды.

"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 222 адам, Алматы қаласында – 119 адам, Қарағанды облысында – 55 адам, Ақмола облысында – 42 адам, Атырау облысы – 36 адам, Жамбыл облысында – 45 адам, Шымкент қаласында – 20 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 6 адам, Алматы облысында – 10 адам, Ақтөбе облысында – 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 5 адам, Қызылорда облысында – 69 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 33 адам, Қостанай облысында – 3 адам, жалпы 704 науқас тіркелді",– деп жазылған мәліметте.

Бұл жұқпалы індеттен 51 адам жазылып шықты: Нұр-Сұлтан қаласында – 28, Алматы қаласында – 21, Ақтөбе облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 1.

6 адам көз жұмды: Нұр-Сұлтан қаласында – 1, Шымкент қаласында – 1, Ақмола облысында – 2, Қарағанды облысында – 1, Түркістан облысында – 1.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу