"Жыл басынан бері елордада 10 мың бала коронавирус індетін жұқтырды. Ол қатарда стационарлық, амбулаториялық пациенттер де бар. Инфекциялық процестің өзі балалар ауруларының ерекшеліктеріне жатады. Ол ауру барысы ауыр түрге айналуы мүмкін. Ересектердегідей инкубациялық кезең 4 күннен 14 күнге дейін созылады. Балаларда ағза мүшелерінің бірнешеуі зақымдалуы мүмкін. Мұның арты ағза үшін жайсыз салдарға апарып соғады. Кей жағдайда есеңгіреу халіне дейін тіркеледі. Сол себепті азаматтардың бәрін вакцина алуға шақырамыз. Екпе алған кезде ғана сіз өзіңізді, туған-туыстарыңызды індеттен сақтайсыздар", - деді Тимур Мұратов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта елордада 74 бала коронавирустан стационарлық ем-дом алып жатыр. 7 баланың жағдайы ауыр. Алайда олар жағдайы тұрақты болғандықтан, палатаға орналастырылған. Жас сақтау бөлімінде жатқан бала жоқ.
Аян Бекенұлы