Коронавирус бір айда кемінде екі рет мутацияға ұшырайды

813

Профессор Алмаз Шарман алматылықтарды профилактикалық шаралардц күшейтуге шақырады. 

Коронавирус бір айда кемінде екі рет мутацияға ұшырайды

Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн сұхбатта Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман эпидемиологиялық ахуалды түсіндірді және коронавирустың мутациясы жөніндегі сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ мегаполис тұрғындары мен қонақтарына бірқатар ұсыныстар айтты. 

"Вирустар үнемі мутацияға ұшырауға бейім, бұл айына кемінде екі рет мутацияланатын коронаврустарға да қатысты. Вирустар жаратылысынан – паразиттер. Олар иесінен, яғни адамнан тыс өмір сүре алмайды. Вирус жұқтырған адам қайтыс болғанда, онымен бірге вирус жоғалады. Сондықтан иесінің өлімі вирус үшін тиімді емес. Вирус тірі қалып, адаммен бірге өмір сүрі үшін мутацияға ұшырап отырады. Бұл қалыпты эволюциялық процесс", - деді сарапшы.

Оның айтуынша, қазір коронавирус мутациясы жүріп жатқан көрінеді және ол процесс үнемі жүріп отырады, нәтижесінде COVID-19-дың маусымдық инфекцияға айналуына әкеледі. Ал вакцина бұл процесті тек жылдамдатады.  

Сонымен қатар, профессор профилактикалық шараларды мүлтіксіз сақтау қажеттігін айтады. 

"Бетперде тағу маңызды. Ол ауызды жауып тұратындай дұрыс тағу керек. Адамдар көп баратын орындардан, мерейтойлар, үйлену тойлары, еске алу шараларынан аулақ жүру маңызды. Әсіресе, жабық және аз желдетілетін ғимараттарда өтетін жиындардан сақ болған жөн. Қол гигиенасын сақтап, бөгде адамдардан екі және одан да көп шақырым қашықтықты сақтау қажет", - деді профессор. 

Еске салсақ, бұған дейін БАҚ- да Ұлыбританияда коронавирустың жаңа штамының пайда болғаны туралы хабар тараған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу