Коронавирус бойынша елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталды

168

Жыл басынан бері елде COVID-19 вирусын 1700 адам жұқтырған. Өлім-жітім жоқ.  

Коронавирус бойынша елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталды Фото: gov.kz

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова қазір COVID бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 7 есеге азайды. Осы жылы тіркелген COVID-19 жұқтыру жағдайларының 11%-ы 14 жасқа дейінгі балалар. Яғни, біз коронавирустық инфекция бойынша жағдай тұрақты деп айта аламыз", – деді спикер.

2024 жылдың басынан бері елімізде COVID-19 бойынша 1 356 дерек тіркелді, бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда сегіз есе аз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу