Коронавирус: Даниал Ахметов ауыр халде жатқан науқастар үшін қан тапсырды

871

Қан 3 науқасты емдеуге жетеді. 

Коронавирус: Даниал Ахметов ауыр халде жатқан науқастар үшін қан тапсырды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қан орталығында 600 миллилитр иммундық плазма тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бүгін қан орталығында 600 миллилитр плазма тапсырып, донор атандым", - деп жазды Даниал Ахметов Instagram-парағында.

Қан орталығының дәрігерлері иммундық плазма COVID-19-дың ауыр түрімен сырқаттанған науқастарды емдеуде тиімді әдіс болып саналатынын атап өтті. Өткен аптада мұнда 234 доза плазма дайындалған.

Аймақ басшысы иммундық плазманы коронавируспен ауырғандар да, вакцина салғандар да тапсыра алатынын жеткізді.

"Қанымдағы антиденелер титрі өте жоғары болды. Бүгін тапсырған иммундық плазмам ауыр халде жатқан 3 науқасты емдеуге жетеді", - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар ол донор болғаны үшін берілген ақшаны балалар үйінің шотына аударды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу