"Коронавирус" дәуіріндегі көшпелі туризмнің ахуалы қандай

833

Бұл сұраққа жауап табу үшін finprom.kz арнайы зерттеу жүргізген. Белгілі болғандай, елде туристердің саны 4 есе азайып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Коронавирус" дәуіріндегі көшпелі туризмнің ахуалы қандай

Көшпелі туризм саласындағы отбасылардың шығыны 2020 жылы 107 млрд теңгені құраған. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 2,7 есе аз. Саяхаттанушылар шығындарының жартысын Қазақстанның аумағының өзінде жұмсап үлгерген (64,7 млрд теңге). Ал Қазақстаннан тыс елдегі шығындары 42,2 млрд теңгені құрап отыр.

"Жеке мақсаттағы сапарларға шыққан шығын 91,1 млрд теңгеге жетті. Бұл да 2019 жылдың көрсеткішінен қарағанда 2,7 есе аз", - делінген зерттеуде.

Қазақстан аумағындағы шығындардың басым бөлігі көлік тасымалына, діттеген жерге барып, қайтқаннан келетін көрінеді (37,3 млрд теңге). Шығындардың тізбегінің одан кейінгі орындарында уақытша тұру (7,4 млрд теңге) мен тамақтану (6 млрд теңге) тұр.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу