Коронавирус: Елордада күн сайын 3 мың тест жүргізіледі

585

Соңғы мәлімет бойынша қалада вирус жұқтырғандардың саны 1074-ке жеткен.

Коронавирус: Елордада күн сайын 3 мың тест жүргізіледі

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен Орталық коммуникациялар қызметінің ғимаратында өткен баспасөз мәслихатында осылай деді. 

"Қалада коронавирус инфекциясының 1074 жағдайы тіркелді. 1134 науқас стационарда жатыр. 404 адам емделіп шықты. Үйдегі карантинде 3539 адам бар. Өкінішке қарай, індеттен 3 адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта жалпы 40 мың лабораториялық тест жүргізілді. 24 мың адам экпресс тестілеуден өтті. Күн сайын 3 мың тест жүргізілед", – деді Мәкен.

Оның айтуынша, 22 наурыздан бастап 11 мамырға дейін елімізге халықаралық рейспен келген 2500 жолаушы оқшаулануға алынған. Ал 30 мамырда Орталық жол ауруханасына пульмонологиялық профильдегі 150 жататын орын бөлінеді. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу