Коронавирус: еуропалықтардың АҚШ-қа баруына уақытша тыйым салынады

672

Вирус жұқтырған америкалықтарға үкімет тарапынан қаржылай көмек көрсетілетінін жеткізді. 

Коронавирус: еуропалықтардың АҚШ-қа баруына уақытша тыйым салынады

13 наурыздан бастап Кәрі құрлықтан Құрама Штаттарға саяхаттауға тыйым салынады. Шектеу 30 күнге созылмақ. Бұл туралы Ақ үй басшысы Дональд Трамп хабарлады. Оның айтуынша, бұл шара коронавирус жұқтырғандардың Құрама Штаттарға енуін болдырмауға бағытталған. Трамп COVID-19 деп аталатын жаңа коронавирус пандемиясын ауыздықтауға тиісті шаралар қабылдамады деп Еуропаны айыптап отыр. Америка президентінің пікірінше, Еуроодақтың Қытай мен вирус кең етек жайған елдерден бағытталған сапарларды шектеуге тиіс еді.  

Дегенмен Британия елінің азаматтарына АҚШ-қа саяхаттауға рұқсат етілмек. Сонымен қатар ірі жүк және тауар саудасына да шектеу қойылмайтын болды. 

Дональд Трамп егер пандемия шағын және орта бизнеске кесірін тигізсе, кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге уәде етті. Қарапайым америкалықтарға да үкімет тарапынан көмек көрсетілетінін жеткізді. Ол ауруға шалдыққандарға, науқастардың күтушілеріне, карантинге жабылғандарға қаржы бөлінетінін айтып, тиісті қаражатты Конгрестен сұрайтынын мәлім етті. 

Соңғы мәлімет бойынша, Құрама Штаттарда вирус жұқтырғандардың саны 1000-нан асып, қаза тапқанқандардыкі 31-ге жетті. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу