Коронавирус: Германия мен Франция экономикасы құлдырауда

1241

Еуроодаққа мүше Германия мен Франция елдерінің экономикасы рецессияға ұшырап жатыр. 

Коронавирус: Германия мен Франция экономикасы құлдырауда

Германияның ЖІӨ-і осы жылдың екінші тоқсанында шамамен 10 пайызға қысқарауы мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, мұндай көрсеткіш соңғы 50 жылда тіркелмеген. 

Ал Францияның ЖІӨ-і 2020 жылдың алғашқы үш тоқсанында 6 пайызға азаюы ықтимал. Карантин ел экономикасын орасан шығынға батырып отыр. Франция Банкінің айтуынша, қазір мемлекет Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі ең ауыр рецессияға ұшырап жатыр. 

Дүниежүзілік сауда ұйымының директоры Роберту Азеведу: "Егер пандемия дер кезінде ауыздықталса, сауда көлемі мен өндіріс 2021 жылы бұрынғы қалпына келеді. Ал биыл бұл көрсеткіш 13-32 пайызға қысқарады", – деді.

Джонс Хопкинс Университетінің соңғы дерегіне сүйенсек, Францияда вирус жұқтырғандардың саны 83 мыңнан, ал Германияда 113 мыңнан асып кеткен. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу