Коронавирус Грузияға жетті

846

Оның денсаулығы қазір қалыпты, қызуы көтерілмеген. 

Коронавирус Грузияға жетті

Грузия тұрғынының ағзасында Covid-19 деп аталатын жаңа коронавирустың бар екені анықталды. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр.

Ресми дерекке сүйенсек, 50 жастағы ер адам Иранда болып, кейін елге Әзірбайжан территориясы арқылы қайтқан екен. Ол шекараға жолаушы тасымалдайтын көлікпен жеткен. 
Жергілікті инфекциялық аурухананың басшысы Тенгиз Церцвадзенің мәліметінше, вирус жұқтырған ер адам терапияға мұқтаж емес және оның өкпесі қабынбаған екен. 

"Еліміз бұл науқасты емдеуге дайын. Емдеу процесі инфекцияның ағзадағы мөлшері мен асқынуға байланысты жүргізілетін болады. Қазір оның жағдайы қалыпты. Науқастың қызуы көтерілмеген, өкпесі қабынбаған.  Оған интенсивті терапия қабылдау аса қатты қажет емес, бірақ керек болған жағдайда міндетті түрде тиісті ем-дом шараларын жүргіземіз", – деді Церцвадзе. 

Вирусты жұқтырған ер адаммен жақын байланыста болған кеден қызметкерлері карантинге жабылыпты. Сонымен қатар Әзірбайжанда онымен бір көлікте болғандар да қазір карантинде. 

Тағы бір жайт, Грузияның тағы бір азаматы қазір инфекциялық ауруханада жатыр. Ағзасынан коронавирус табылмаса да, медициналық қызметкерлер оны бақылауда ұстап отыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу