Қазақстандағы коронавирус бойынша 12 сәуір 09.00-дегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты шұғыл штабтың мәліметіне сүйенсек, Алматы қаласында - 8 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 2 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Шымкент қаласында - 3 адам, Батыс Қазақстан облысында - 1 адам инфекция жұқтырған.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 233 адам, Алматы қаласында – 145 адам, Қарағанды облысында - 63 адам, Ақмола облысында - 61 адам, Атырау облысында - 59 адам, Жамбыл облысында - 46 адам, Шымкент қаласында - 38 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 11 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 9 адам, Маңғыстау облысында - 10 адам, Қызылорда облысында - 116 адам, Батыс Қазақстан облысында - 8 адам, Түркістан облысында - 36 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 880 науқас тіркелді.