Коронавирус індетін жұқтырған тағы 21 адам тiркелдi

916

Қазақстандағы коронавирус бойынша 2 сәуір сағат 17.05-тегі эпидемиологиялық жағдай.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 21 адам тiркелдi

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 21 адам тiркелдi: Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы қаласында - 1 адам, Қызылорда облысында – 1 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам, Шымкент қаласында – 8 адам, Түркістан облысында – 6 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам. Бұл мәлімет жедел штабтың сайтында жарияланды.

"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 193 адам, Алматы қаласында – 91 адам, Қарағанды облысында – 21 адам, Ақмола облысында - 19 адам, Атырау облысы – 18 адам, Жамбыл облысында – 5 адам, Шымкент қаласында – 11 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 9 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 8 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 26 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 11 адам, жалпы 423 науқас тіркелді",– деп жазылған ақпаратта.


27 адам дертінен айықты: Нұр-Сұлтан қаласында – 16, Алматы қаласында – 11.

3 адам індет құрбаны болды: Нұр-Сұлтан қаласында – 1, Ақмола облысында – 1, Қарағанды облысында – 1.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу