Коронавирус індетінен 5 науқас көз жұмды

777

Қазақстан бойынша аталған дерттен қайтыс болғандар саны 105-ке жетті.  

Коронавирус індетінен 5 науқас көз жұмды

Шұғыл штаб коронавирус індетінен тағы 5 адам көз жұмғанын хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласында 1988 жылы туған ер адам, Қарағанды облысында 1956 жылы туған ер адам,
Алматы қаласында 1962 және 1965 жылғы ер адамдар, Ақмола облысында 1980 жылы туған ер азамат көз жұмды.

"Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады",– деп жазылған хабарламада.

Қазақстан бойынша барлығы 105 адам қайтыс болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу