Нұр-Сұлтан қаласында 1964, 1952, 1951, 1938, 1950 жылы туған әйелдер, 1982 жылы дүниеге келген ер адам, Шымкент қаласында 1979 жылы туған ер адам, Алматы қаласында 1969 1960 жылы дүниеге келген ер адамдар қайтыс болды. Бұл туралы шұғыл штаб хабарлады.
"Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады",– деп жазылған хабарламада.
Қазақстан бойынша аталған дерттен көз жұмғандар саны 97-ге жетіп отыр.
Нұр-Сұлтан қаласы – 21
Алматы қаласы – 15
Шымкент қаласы – 12
Ақмола облысы – 6
Ақтөбе облысы – 1
Атырау облысы – 3
Шығыс Қазақстан облысы – 1
Жамбыл облысы – 1
Батыс Қазақстан облысы – 6
Қарағанды облысы – 9
Қостанай облысы – 2
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 13
Түркістан облысы – 5