"Қызыл" аймақта әлі Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары тұр. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сүйенсек, өткен тәуліктегі жұқтыру көрсеткіші бұл өңірлердің қауіптің "сызықтан" жылжымағанын көрсетеді. 1 558 адамнан COVID-19 анықталса, соның 348-і Алматы қаласында тіркеліпті.
Нұр-Сұлтан қаласында - 174,
Шымкент қаласында – 27,
Ақмола облысында – 133,
Ақтөбе облысында - 20,
Алматы облысында - 106,
Атырау облысында - 36,
Шығыс Қазақстан облысында - 73,
Жамбыл облысында - 18,
Батыс Қазақстан облысында – 68,
Қарағанды облысында - 348,
Қостанай облысында - 40,
Қызылорда облысында - 13,
Маңғыстау облысында - 16,
Павлодар облысында - 75,
Солтүстік Қазақстан облысында - 45,
Түркістан облысында - 18.
"Сары" аймақта Шымкент қаласы, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары, "жасыл" аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары тұр.