Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі коронавирустың алдын алу мақсатында 5 наурыздан бастап Әзербайжан мен Ираннан келетін теңіз кемелеріне Ақтау және Құрық порттарында қызмет көрсетудің уақытша тоқтатылатынын хабарлады.
"Шетелдік жүк кемелерінің экипаждары үшін Ақтау және Құрық порттарында кемелерден шығуға шектеу қойылады. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын қазақстандық кемелер экипаждарының мүшелері порттарда ауысқан кезде оларға бақылауды күшейтетін болады. Қабылданатын шаралар туралы ақпарат Каспий маңы мемлекеттерінің теңіз әкімшіліктеріне жеткізіледі" – делінген ресми мәліметте.