Коронавирус: қаза тапқандардың саны 80-ге жетті

1513

2761 адам вирус жұқтырған. 

Коронавирус: қаза тапқандардың саны 80-ге жетті

Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны 80-ге жетті. Бұл туралы Қытайдың CGTN басылымы хабарлады.

Ажал құшқандардың барлығы да қытайлықтар.

Ресми дерекке сүйенсек, дәрігерлер коронавирусты жұқтырған 51 адамды емдеген, олардың барлығы да ауруханадан шығарылыпты.

Елдің 31 қаласы мен провинцияларында төтенше жағдайдың бірінші деңгейі, ал Гонконгта ең жоғарғы деңгейі жарияланды. Осы жағдайға байланысты Қытайдың премьер-министрі Ли Кэцян дүйсенбі күні Хубэй провинциясының Ухань қаласына келді. Ол науқастардың хал-жағдайы мен  медициналық қызметкерлердің жұмысымен танысты. 

Қытайдың реформа және даму жөніндегі ұлттық комиссиясы 26 қаңтарда 43,25 миллион доллардай қаражат Ухань қаласына жіберілетінін мәлім етті. Бұл қаржы коронавирус жұқтырған науқастарға арналған екі ауруханының құрылысына бөлініп отыр. Сондай-ақ жергілікті билік бұл қаражатқа керекті медициналық жабдықтарды сатып алмақ. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу