Коронавирус: Қазақстан әлі де "қызыл" аймақта тұр

803

Коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Коронавирус: Қазақстан әлі де "қызыл" аймақта тұр

2021 жылғы 13 шілдедегі жағдай бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. Ал "сары" аймақта  Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары бар. "Жасыл" аймақта Түркістан және Шығыс Қазақстан облысы ғана орналасқан.

13 шілдедегі мәлімет бойынша 43 835 адам коронавирус инфекциясынан (42 433 КВИ+ және 1 402 КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 14 027 пациент стационарда болса, 29 808 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 846 адамның жағдайы ауыр болса, 193 пациенттің жағдайы өте ауыр. 106 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу