Коронавирус: Қазақстан өңірлерінің басым көбі "қызыл" аймақта тұр

635

Ведомствоаралық комиссия ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Коронавирус: Қазақстан өңірлерінің басым көбі "қызыл" аймақта тұр

Матрицаға сәйкес, "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. Яғни Қазақстан өңірлерінің басым көбі әлі де қауіпті аймақта орналасқан. "Сары" аймақта Алматы және Жамбыл облыстарыы болса, "жасыл" аймақта тек Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары қалған.

15 шілдедегі мәлімет бойынша 47 828 адам коронавирус инфекциясынан (46 306 КВИ+ және 1 522 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 15 280 пациент стационарда ем алса, 32 548 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 919 адамның жағдайы ауыр болса, 212 пациенттің жағдайы өте ауыр. 126 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу