Коронавирус: Қазақстанда 8 науқас жансақтау бөлімінен жәй палатаға ауыстырылды

785

Қазақстанда барлығы 35 пациент реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстырылған.  

Коронавирус: Қазақстанда 8 науқас жансақтау бөлімінен жәй палатаға ауыстырылды

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 8 науқас жансақтау бөлімінен жай палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Telegram-дағы Сoronavirus2020 каналына сілтеме жасап.

"Жақсы жаңалық: Қазақстанда COVID-19 бар тағы 8 науқас: Нұр-Сұлтан қаласында – 4, Алматы қаласында – 2 науқас Шымкент қаласында – 1, Қарағанды облысында – 1 науқас интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды. Дәрігерлер пациенттердің жағдайының жақсарғанын атап өтті және олар енді қарқынды терапияны қажет етпейді деп санайды", деліген хабарламада. ⠀

Қазақстанда барлығы 35 пациент реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстырылды: Алматы – 1 1, Нұр-Сұлтан – 8, Шымкент – 3, Карағанды облысы – 6, Ақтөбе – 1, Түркістан обласы – 1, Атырау – 2, ШҚО – 1, Маңғыстау облысы – 1, Павлодар облысы – 1.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу