Қазақстанда өткен тәулікте 2089 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны анықталып отыр. Статистика ПТР-сынама арқылы расталған.
Өңірлер бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында – 284;
Алматы қаласында – 549;
Шымкент қаласында – 86;
Ақмола облысында – 153;
Ақтөбе облысында – 50;
Алматы облысында – 125;
Атырау облысында – 77;
Шығыс Қазақстан облысында – 74;
Жамбыл облысында – 32;
Батыс Қазақстан облысында – 97;
Қарағанды облысында – 346;
Қостанай облысында – 32;
Қызылорда облысында – 16;
Маңғыстау облысында – 39;
Павлодар облысында – 87;
Солтүстік Қазақстан облысында – 12;
Түркістан облысында - 30.
Ал өткен тәулікте коронавирус індетінен емделіп шыққан адамдардың саны 1738 адамды құрады.
Өңірлер бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 367;
Алматы қаласы – 467;
Ақтөбе облысы – 73;
Алматы облысы – 299;
Атырау облысы – 77;
Шығыс Қазақстан облысы – 76;
Жамбыл облысы – 57;
Батыс Қазақстан облысы – 20;
Қарағанды облысы – 236;
Қызылорда облысы – 4;
Маңғыстау облысы – 2;
Павлодар облысы – 41;
Солтүстік Қазақстан облысы – 7;
Түркістан облысы – 12.
Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирусты 360 193 адам жұқтырған. Соның ішінде 317 741 науқас жазылып шыққан.
17 мамырдағы мәлімет бойынша, бүгінгі таңда елде 38 888 адам коронавирус инфекциясынан (38 379 КВИ+ және 509 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 14 295 пациент стационарда, 24 593 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 820 адамның жағдайы ауыр болса, 185 пациенттің жағдайы өте ауыр. Ал 106 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек мынадай: 2021 жылғы 16 мамырдағы мәлімет бойынша 20 жаңа жағдай тіркелген. 6 адам көз жұмып, 83 адам жазылып шыққан.