Коронавирус: Қазақстанда қанша өңір "қызыл" аймақта

1014

Қазақстандағы COVID-19 эпидемиологиялық жағдайы бойынша Алматы облысы "қызыл" аймаққа, ал Қызылорда облысы "жасыл" аймаққа қайта оралды, деп хабарлайды  inbusiness.kz

Коронавирус: Қазақстанда қанша өңір "қызыл" аймақта

Бейсенбіде ұсынылған аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес қатаң шектеу шараларын енгізуді қарастыратын "қызыл" аймақта тұрған Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, сондай-ақ Қостанай, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары қатарына "сары" аймақтан Алматы облысы қосылды.

Атырау, Қарағанды ​​және Шығыс Қазақстан облыстары карантиндік шаралардың сақталуын және олардың сақталуына бақылауды күшейтуді көздейтін "сары" аймақта орналасқан.

Жағдай тұрақты деп бағаланатын "жасыл" аймақта шектеу шараларын жеңілдету мүмкіндігімен Шымкент, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Маңғыстау облыстары, сондай-ақ "сары" аймақтан өткен Қызылорда облысы орналасқан.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу