Коронавирус: Қазақстанда тағы 30 зертхана ашылады

566

Басты мақсат – инфекцияның жасырын таралу ошақтарын анықтау.  

Коронавирус: Қазақстанда тағы 30 зертхана ашылады

Қазақстанда COVID-19 вирусын анықтау бойынша тәулігіне 16 мың зерттеу жүргізіледі, деп хабарлайды  Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

"Ең алдымен, медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және коронавирус инфекциясы пандемиясының таралуымен күресіп жүрген басқа да тұлғалар тексеріледі. Сонымен қатар ауыр созылмалы аурулары бар адамдар, жүкті әйелдер қаралады", –  делінген ақпаратта.

Биылғы мамыр айының соңына дейін зерттеу жұмыстарын тәулігіне 25 мыңға дейін арттыру және Қазақстан бойынша тағы 30 зертхана ашу көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу