"Ол кезде бұл мәселелермен, оның ішінде шығыстардың тиісті бабын талап ететін кедендік операциялармен қай мемлекеттік орган айналысуға тиіс екені туралы нақты өкімдер жоқ еді. Тіпті Денсаулық сақтау министрлігі де, СҚ-Фармация да қажетті өкілеттіктерге ие болған жоқ. Сондықтан аталған мәселені жедел шешуге тура келді", – дейді Тоғжанов.
Оның айтуына қарағанда, пандемия кезінде ведомствааралық комиссияға негізінен тәртіп мәселелерін шешуге тура келген.
"Екі мың шешімнің ең көп бөлігі осындай тәртіп мәселелеріне байланысты болғанын айтқым келеді. Себебі күн сайын алдымыздан жедел шешуді қажет ететін жаңа қиындықтар туындап тұрды", – деп мойындайды ол.
Айта кетейік, Ералы Тоғжанов пандемия тақырыбы бойынша "Егемен Қазақстан" газетіне сұхбат берді.