Коронавирус кесірінен АҚШ пен Қытай арасындағы келіссөздер іркіледі

1136

COVID-19 деп аталатын жаңа коронавирус эпидемиясы мен оның салдарынан туындаған экономикалық тұрақсыздық. 

Коронавирус кесірінен АҚШ пен Қытай арасындағы келіссөздер іркіледі

Вашингтон пен Бейжің арасындағы сауда келісімі міндеттемелерінің іске асуына кедергі келтіруі мүмкін. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы хабарлады. Еске сала кетейік, 15 қаңтарда тараптар сауда келісімінің бірінші кезеңіне қатысты құжаттарға қол қойған болатын. Осы құжат бойынша Қытай алдағы екі жылда 200 млрд доллар тұратын америкалық тауарды сатып алуы тиіс еді. Бірақ вирустың таралуы Қытайдағы сұраныс пен саудаға кері әсерін тигізіп жатыр. Кей сарапшылардың ойынша, Қытай өз міндеттемелерін орындай алмай қалуы мүмкін. 

Құжатта апат не басқа да бақылауға көнбейтін жайттар орын алған кезде міндеттемелердің орындалуын кейінге шегеруге рұқсат берілгені жазылған екен.Дегенмен АҚШ-тың сауда өкілі Роберт Лайтхайзер мұндай жағдайды қытайлықтармен  талқыламағанын басып айтып, Бейжің шарттарды келісім бойынша орындайтынынан үміт білдірді. 
Ескере кететін жайт, ақпан айында Ақ үй басшысы Дональд Трамп пен Си Цзиньпин сауда келісімінің бірінші кезеңі міндеттемелерінің орындалуына қатысты ортақ ымыраға келген болатын. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу