Коронавирус киімде 3 күнге дейін өлмейді

1006

Коронавирус киімдерде үш күнге дейін өмір сүре алады, оның ішінде полиэстерден жасалған киімдер вирусты ұзақ уақыт сақтай алады, деп ескертеді ғалымдар.

Коронавирус киімде 3 күнге дейін өлмейді

Лестер қаласындағы Де Монфор университеті полиэстер, поликоттон және мақта маталарда COVID-19-дың тіршілік ету ұзақтығын зерттеген. Осылайша полиэстерде вирус 72 сағатқа дейін, ал 100 пайыз мақта матада 24 сағат, поликотон гибридінде алты сағат өмір сүретіні анықталған. Бұл ақпарат шұғыл штабың "Телеграм" каналында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Пандемия алғаш басталған кезде коронавирустың киімде қанша уақыт өмір сүре алатындығы жайында мәліметтер аз болды. Біздің зерттеу нәтижелеріміз тоқыма өнеркәсібінде жиі қолданылатын үш мата вирустың таралу қаупін тудыратынын көрсетті",– дейді ғалымдар тобының жетекшісі Доктор Лэрд.

Зерттеушілер үйдегі кір жуғыш машиналар бүкіл вирусты жоя алмайтындығын анықтаған. Тек детергенттер мен судың температурасы кем дегенде 67°C болған кезде ғана вирус толығымен инактивацияланатындығы белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу