Коронавирус құрбандарының саны 1,1 мыңнан асты

1537

Әлем бойынша 42700 адам вирус жұқтырды деген күдікпен оқшауланды.

Коронавирус құрбандарының саны 1,1 мыңнан асты

Бір тәулік ішінде Хубей провинциясында тағы 94 адам қайтыс болды. Осылайша, коронавирус құрбандарының саны 1112-ге жетті, деп хабарлайды Atameken Business.

Бір айдың ішінде әлемнің 24 еліне таралып үлгерген вирус салдарынан Қытайдан басқа мемлекеттерде 400-ден аса адам ауырып жатыр, қайтыс болғаны – екеу. Әлем бойынша 42700 адам вирус жұқтырды деген күдікпен оқшауланды.

Бүгін Федералды қор жүйесінің жетекшісі індеттің салдары әлем экономикасы үшін зор шығын алып келеді деп мәлімдеме жасаса, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирус алдағы уақытта жағдайы нашар 30 елдің берекесін кетіруі мүмкін деді. Бүгін Женевада бас қосқан әлемдегі жетекші дәрігерлер мен ғалымдар індетке қарсы екпе дайындау және зерттеу нәтижелерін талқылайды.

"Соңғы мәлімет бойынша, Қытайда ауру жұқтырғандар саны – 42 708. Өкінішке орай мыңнан аса адамнан айырылып қалдық. Қытайда төтенше жағдай жарияланғанмен, одан әлемнің басқа елдеріне келетін қауіп жоғары. Сол себепті оған қарсы бірлесіп күресу жұмысын күшейтуіміз керек",– дейді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу