Коронавирус құрбандарының саны 1,5 мыңға жақындады

1179

Бүгін Жапонияда алғаш рет коронавирустан бір адамның қайтыс болғаны белгілі болды. 

Коронавирус құрбандарының саны 1,5 мыңға жақындады

Коронавирус ошағы болған Хубей провинциясында індет жұқтырғандар саны 4823-ке жетті. Бір күнде бұл аймақта тағы 116 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Atameken Business.

Бүгін Жапонияда алғаш рет коронавирустан бір адамның қайтыс болғаны белгілі болды.  Әлем бойынша 60 мың 392  адам оқшауланған.  Қазір оларға медициналық тексеріс жүргізіліп жатыр.

Дегенмен осы уақытқа дейін жазылып шыққандар қатары 6 мыңға жуықтаған. Дәрігерлер солардың көмегімен қазір ауырып жатқандарды аман алып қалуға болады дейді. Себебі вирусты жеңген адамдардың қанында оған қарсы тұратын иммуноглобулин бар көрінеді. Бейжіңдегі билік елдегі барлық тәжірибелі мамандарды Хубей провинциясына жіберген.

Қазір Хубейде елдің 29 провинциясынан арнайы жіберілген жалпы саны 20 мыңнан аса медицина қызметкері халыққа қызмет көрсетуде. Бірқатар халықаралық ұйым мен жанашырлық танытқан мемлекеттер осы жаққа ауруханаға қажетті құрал-жабдық пен дәрі-дәрмек жеткізуде.

Бүгінде Қытайдағы бірқатар ірі кәсіпорын қызметкерлері жұмысқа кірісті. Өйткені жыл басталғалы бері өндіріс жабылып қалғандықтан, экономикалық көрсеткіштер нашарлап кетті. Халықаралық валюта қорының жетекшісі егер, індетке шалдыққандар қатары біртіндеп кеми түссе, Қытайдың экономикалық өсімі жылдам қалыпқа келетінін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу