banner

Коронавирус құрбандарының саны 1 миллионнан асты

595

Жалпы науқастар саны 33 миллион болды.

Коронавирус құрбандарының саны 1 миллионнан асты

Әлемде коронавирус дертінен қаза тапқандардың саны 1 миллионнан асты. Бұл туралы Джонс Хопкинс Университетінің мамандары хабарлады. 

Университет індетке қатысты деректерді жергілікті және федералды биліктен, ақпарат құралдарынан алып отырады. Нақты мәлімет бойынша, Covid-19 вирусын жұқтырып қайтыс болғандардың саны 1 000 555 болды. 

Осы күнге дейін 33 273 720 адам ауруға шалдығып, оның 23 056 480 ем-дом қабылдап жазылған. 

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы індетті 11 наурызда пандемия деп таныған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу