Коронавирус құрбандарының саны 170-ке жетті

1249

Індет ошағы болған Хубей провинциясында қайтыс болғандар саны – 169. Аталған елдімекенде бір тәулік ішінде індет 1032 адамға тараған. 

 Коронавирус құрбандарының саны 170-ке жетті

Коронавирус құрбандарының саны 170-ке жетті. Ауру жұқтырғандар саны күні кеше 6 мың болса, бүгін – 7736. Оның дені шығыстағы көршілеріміз, деп хабарлайды Atameken Business.

Індет ошағы болған Хубей провинциясында қайтыс болғандар саны – 169. Аталған елдімекенде бір тәулік ішінде індет 1032 адамға тараған. Қазір мамандар вирусқа қарсы вакцина дайындау үстінде. Бірақ оны толық сынақтан өткізу үшін кемі 1 жыл керек.

Бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы мәселеге қатысты шұғыл жиналыс өткізеді. Құрамында 16 тәуелсіз сарапшысы бар комитет бастапқыда төтенше жағдай жариялауға негіз жоқ деп мәлімдеме жасаған. Қазір олар әлем бойынша қауіп деңгейі жоғары деп пікір білдіріп жатыр.

"Вирустың Қытайдан басқа да мемлекеттерде тез таралып жатқаны бізді алаңдатып отыр. Салыстырмалы түрде алғанда, ауру жұқтырғандар саны індет ошағындағы көрсеткіштен аз болғанымен, күні ертең көбею қаупі жоғары. Сол себепті бүгін төтенше жағдайға жауапты халықаралық комитет мүшелерін шақыртып, шұғыл жиналыс өткізіп, олардың ұсынысын тыңдаймыз. Бейжіңдегі билік вирустан қорғанудың барлық амалын жасап жатыр",– дейді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу