Коронавирус құрбандарының саны 2 мыңнан асты

921

Әлем бойынша 75 мың 112 азамат ауырып жатыр.

Коронавирус құрбандарының саны 2 мыңнан асты

Коронавирус кесірінен 2 мыңнан аса адам қайтыс болды. Дегенмен, індет ошағы Хубей провинциясында вирус жұқтырғандар саны біртіндеп азайып келеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Әлем бойынша 75 мың 112 азамат ауырып жатыр. Жазылып шыққаны 9 мыңнан асады. Қайтыс болғаны – үшеу. Бүгін Катар азаматынан вирус анықталды.

Мәселе шешімін тауып келеді деп елді жұбатқан Бейжіңдегі билік сауда қатынастарын қалыпқа келтіруге тырысып жатыр. Бірақ Ресейдің Премьер-министрі Қытай азаматтарына ертеңнен бастап ел аумағына өтуге тыйым салды. Басқа елдерге залалын тигізбеу үшін қытайлар жаңа аурухана және оқшаулау орталықтарын салып, хубейліктерді ешқайда шығармай жатыр.

"Қытайдан басқа 12 елде 110 адам вирус жұқтырған. Оның 99-ы Жапония кемесіне мініп, саяхаттауға шыққандар. Қазіргі кезде Қытайдан басқа мемлекеттер үшін алаңдауға негіз жоқ",– дейді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу