Коронавирус құрбандарының саны 361-ге жетті

984

Америкалықтар бүгіннен бастап, ел азаматтарының Қытайға баруына тыйым салды.

Коронавирус құрбандарының саны 361-ге жетті

Коронавирус құрбандарының саны 361-ге, ауру жұқтырғандар саны 17 мың 205-ке жетті. Оның 147-сі – Қытайдан басқа елдің азаматтары, деп хабарлайды Atameken Business.

Ауру ошағы болған көрші мемлекетте көз жұмғандар саны – 304. Оның біреуі Филиппинде тіркелді.

Вирус көп тараған аймақтар – Тайвань, Гонконг, Макао. АҚШ-та ауырып жатқандар саны сегізге жетті. Олар Калифорния, Иллинойс, Вашингтон және Аризона штаттарының тұрғындары. Қауіп салыстырмалы түрде алғанда төмен болғанына қарамастан, америкалықтар бүгіннен бастап, ел азаматтарының Қытайға баруына тыйым салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу