Коронавирус құрбандарының саны 425-ке жетті

1316

Бір күннің ішінде індет ошағы болған Хубей провинциясында 65 адам өлімі тіркелген. 

Коронавирус құрбандарының саны 425-ке жетті

Коронавирус құрбандарының саны 425-ке жетті. Оны жұқтырғандар қатары 20 мың 438-ден асты, деп хабарлайды Atameken Business.

Бір күннің ішінде індет ошағы болған Хубей провинциясында 65 адам өлімі тіркелген. Қытайдан басқа мемлекеттерде ауырып жатқандар 150-ден асады. Дене қызуы көтеріліп, жөтелі кетпей қойғандардың көптігі сонша, Уханьдағы ауруханаларда оларды жатқызатын орын жоқ. Бұл жақта 10 күн ішінде науқастарды оқшаулайтын 1 мың адамға арналған аурухана салынып біткенімен, жергілікті билік қонақүйлердегі бөлмелерді науқастарды оқшаулау үшін жалдауға мәжбүр.

Қытайға індетпен күресу үшін 11 мемлекет қаржылай көмек көрсеткен. Олардың қатарында біздің ел де бар. Дегенмен Бейжіңдегі билік мәселені ушықтырып жатыр деп АҚШ-ты айыптауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу