Коронавирус құрбандарының саны 637-ге жетті

1848

Ауырып жатқандар саны 28 мыңнан асады. 

Коронавирус құрбандарының саны 637-ге жетті

Қытайдағы індет шарықтау шегіне жетті деп айту әлі ерте. Бүгін коронавирустан тағы 74 адам қайтыс болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осындай мәлімдеме жасады6 деп хабарлайды Atameken Business.

Қазір ауырып жатқандар саны 28 мыңнан асады. Әсіресе індет ошағы болған Хубей провинциясында ауру жұқтырғандар қатары күн сайын 2 жарым мыңға дейін артуда.

Осы жақта көз дәрігері болып жұмыс істеген, коронавирусты анықтап, ол туралы ақпарат таратқан 34 жастағы дәрігер де қайтыс болды. Бастапқыда жергілікті билік оны елді дүрліктірді деп айыптаған.

"Хубей провинциясында ауруға шалдыққандар саны тым көп. Алдағы уақытта тағы көбеюі мүмкін. Елдің басқа аймақтарында ондай емес. Жағдай тұрақты. Вирустың неден және қалай таралғанын әлі нақты айта алмаймыз Әзірге 3 болжам ғана бар", – дейді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының атқарушы директоры Майк Райан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу