Коронавирус құрбандарының саны 904-ке жетті

819

Бір күннің ішінде індет ошағы болған Хубей провинциясының өзінде 91 адам жан тапсырды. 

Коронавирус құрбандарының саны 904-ке жетті

Коронавирус құрбандарының саны 904-ке жетті, деп хабарлайды Atameken Business.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы індеттің кеңінен таралып бара жатқанына алаң. Себебі қазір Қытайға бармаған адамдар арасында да вирус жұқтырғандар көбейген.

Бейжіңдегі билік індетпен күресу үшін 10 млрд доллар шығындайды. Қазір елдің Орталық банкі қаржылық ұйымдарға несие беру жұмысына кіріскен. Оған қажетті дәрі-дәрмек алынады. Себебі бүгінде қор таусылуға шақ қалған.

Бір күннің ішінде індет ошағы болған Хубей провинциясының өзінде 91 адам жан тапсырды. Ауырып жатқандар саны отыз мыңнан асады, ал Сингапурде – 43. Ертең осы мәселеге байланысты Женевада ауқымды форум өтеді.

"Хубей індет ошағы болғандықтан, осы жақта ғылыми зерттеу жұмысын жүргізіп жатырмыз. Ең алдымен, вирусқа қарсы екпе жасауды қолға алдық. Оған Қытайдағы жетекші ғалымдар атсалысуда. Әзірге вирусты жаңа ғана жұқтырғандарды емдеуге мүмкіндік беретін препарат жасап шығардық",– дейді Ауыл шаруашылығы университетінің профессоры Чен Хуанчун.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу