Коронавирус құрбандарының саны 910-ға жетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы індеттің кеңінен таралып бара жатқанына алаңдаулы, деп хабарлайды Atameken Business.
Қазір Қытайға бармаған адамдар арасында да вирус жұқтырғандар көбейген. Жалпы саны 40 мыңнан аса адам ауырып жатыр. Сондықтан бұл аурудың жыры бірер аптада бітеді деу негізсіз.
Ертең осы мәселеге байланысты Женевада ауқымды форум өтеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы індетке қарсы күрестің жаңа жоспарын жариялауы мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу