Бір жылда қазақстандықтар пандемияның 2 толқынын өткізіп, бір күнде індеттің құрығына 3 500-ге жуық адам ілігіп, 150-ден астамы көз жұмған антирекордты бастан кешірді. Азаматтарды қызыл, жасыл, көкке бөлетін QR код енгізілді. Екпе алмағандарға жұмыс пен оқу орындарының есігі жабылды.
Ал антиваксерлерді реанимацияға "турға" шақырғандар да болды.
Нәтижесінде, 19 миллион халықтың 9 миллионға жуығы вакцинаның бірінші дозасын болса да салдырды. Осы ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға қазынадан 95 млрд теңге бөлінді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу