Коронавирус: "Қызыл" аймаққа екі қала мен үш облыс кірді

931

COVID-19 індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомстоваралық комиссия Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың күрделеніп бара жатқаны жөнінде ақпарат таратты. Соңғы тәулікте елде 1 181 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққанымен, 1 686 адам індетке шалдыққан, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Коронавирус: "Қызыл" аймаққа екі қала мен үш облыс кірді

Ресми ақпаратқа сенсек, індеттен сауығып шыққандар бойынша өңірлерде көрсеткіш мынадай:
Нұр-Сұлтан қаласында – 391; 
Алматы қаласында – 292;
Шымкент қаласында – 11;
Ақмола облысында – 41;
Ақтөбе облысында – 0;
Алматы облысында – 54;
Атырау облысында – 21;
Шығыс Қазақстан облысында – 66;
Жамбыл облысында – 0;
Батыс Қазақстан облысында – 44;
Қарағанды облысында – 134;
Қостанай облысында – 4;
Қызылорда облысында – 14;
Маңғыстау облысында – 25;
Павлодар облысында – 47;
Солтүстік Қазақстан облысында – 19;
Түркістан облысында – 18.

Елімізде барлығы 392 777 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шыққан. Ал өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 686 жағдай тіркелді. Осылайша елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 419 800 жетіп отыр. Соңғы тәулікте жұқтырғандар бойынша өңірлерде көрсеткіш мынадай:
Нұр-Сұлтан қаласында – 507;
Алматы қаласында – 215;
Шымкент қаласында – 103;
Ақмола облысында – 43;
Ақтөбе облысында – 35;
Алматы облысында – 33;
Атырау облысында – 73;
Шығыс Қазақстан облысында – 70;
Жамбыл облысында – 36;
Батыс Қазақстан облысында – 101;
Қарағанды облысында – 278;
Қостанай облысында – 42;
Қызылорда облысында – 28;
Маңғыстау облысында – 38;
Павлодар облысында – 33;
Солтүстік Қазақстан облысында – 13;
Түркістан облысында – 38.

28 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр. Ал "сары" аймақта Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстары орналасқан. "Жасыл" аймақта Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары бар.

Қазір елде 24 001 адам коронавирус инфекциясынан (22 707 КВИ+ және 1 294 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 7 307 пациент стационарда, 16 694 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 474 адамның жағдайы ауыр болса, 98 пациенттің жағдайы өте ауыр. Ал 66 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Бүгінге дейін індетке қарсы вакцинаның I компонентін 3 165 155 адам вакцина салдырды. II компонентпен егілгендердің саны 1 905 062 адам.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу