Коронавирус: "Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы ғана қалды

676

Коронавирустың таралуына қарсы жұмылдырылған ведомствоаралық комиссия елдегі індетке қатысты соңғы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Коронавирус: "Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы ғана қалды

2021 жылдың 7 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы мынадай: "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы ғана қалған. Ал "сары" аймақта Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары тұр. Қалған өңірлердің бәрі жасыл аймақта. 

Бүгінге дейін Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 2 247 776 адам салдырған. II компонентін 1 187 464 адам алған.

Қазір 24 600 адам коронавирус инфекциясынан (23 703 КВИ+ және 897 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 8 724 пациент стационарда болса, 15 876 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 579 адамның жағдайы ауыр болса, 120 пациенттің жағдайы өте ауыр. Ал 78 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Елде өткен тәулікте 989 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы расталған. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 395 064 адамға жетті. Сонымен қатар өткен тәулікте 1081 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. 

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу