Коронавирус: Маңғыстауда екпе науқаны неге баяу жүріп жатыр?

1043

Өңірде СOVID-19-ға қарсы екпенің I компонентін 44 мың адам, II компонентін 24 мың 147 адам алған. Бұл –  еліміздегі ең төмен көрсеткіш. 

Коронавирус: Маңғыстауда екпе науқаны неге баяу жүріп жатыр?

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов вакцина салдыру науқаны өңірде неге баяу жүріп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналист облыс әкіміне өңірде екпе науқаны неге баяу жүріп жатқанын сұрады.

"Күніне 500-600 адам коронавирусқа қарсы екпе алып жатыр. Алайда вакцина алу ерікті ғой. Бұл бағытта түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жүргіземіз. Жұмысты әлі үйлестіреміз. Ол – біздің міндетіміз", – деп жауап берді Серікбай Тұрымов. 

Облыс әкімі коронавирустан қорғану үшін екпе алу өте маңызды екенін атап өтті.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 2 млн 371 мың 178 адам, II компонентін 1 млн 264 мың 247 адам алды.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу