Мемлекет басшысы елімізде коронавирустың өте жұқпалы 3 штамы анықталғанына алаңдады.
"Жағдайы ауыр және өте ауыр науқастардың саны мен аурудан қайтыс болғандардың саны артып жатыр. Сондай-ақ дәрі-дәрмектердің, медициналық бұйымдар мен жабдықтардың да жетіспеушілігі байқалады. Реанимация бөлімдерінің 64%-ы ғана жабдықталған", - деді Президент коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте.
Оның пікірінше, жағдай бұлай жалғаса берсе, денсаулық сақтау жүйесіне шамадан тыс жүктеме түсуі мүмкін. Осыған байланысты Қасым Жомарт Тоқаевқа тапсырма берді.
"Үкіметке және облыс әкімдеріне реанимация бөлімдерін жабдықтау бойынша шаралар қабылдауды және бас дәрігерлер мен әкім орынбасарларының дербес жауапкершілігін бекітуді тапсырамын", - деді Мемлекет басшысы.
Дәурен Ерболат