Коронавирус Моңғолияға да жетті

2489

Соңғы мәлімет бойынша,әлем бойынша вирустан қаза болғандардың саны 4000-нан асты 

Коронавирус Моңғолияға да жетті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дабыл қағуда, өйткені вирус ЕО-қа мүше елдердің барлығына да жеткен. Моңғолияда бүгін алғаш рет бір адамның қауіпті ауруға шалдыққаны тіркелді. Ресми дереккөзге сүйенсек, ол осы елде жұмыс істеп жатқан Франция азаматы екен.  Ол Франциядан Мәскеу арқылы Моңғолияға ұшып келіпті. Қазір осы жайттан кейін билік тиісті шаралар жүргізіп жатыр.  

Қытайдың мемлекеттік CGTN телеарнасының дерегіне сүйенсек, елде жаңа коронавирусты жұқтырғандардың саны 80924-ке, ал марқұмдардыкі 3140-қа (үшеуі Гонкгонгте, біреуі Тайваньда ) жеткен. 59982-сі ем-дом қабылдап, жазылған екен. 
Ал Қытайдан басқа елдердегі науқастардың саны –33204. Оның 870-сі ажал құшыпты. 

Оңтүстік Кореяда 7513 кісінің ағзасынан Covid-19 деп аталатын жаңа коронавирус табылса, оның 131-і ауруды асқындырып, жан тапсырған.Жергілікті үкімет эпидемиямен күреске 9,91 млрд доллар бөлмек.

Ал Италияда марқұмдардың саны 463 , індетке шалдыққандардың саны  9100 болды. 
АҚШ-тың 582 азаматы дертке шалдықса, оның 22-сі ажал құшты. Amazon компаниясы Сиэтлдегі бөлімшесінің бір қызметкері вирусты жұқтырғанын мәлімдеді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу