Коронавирус: Мониторинг топтары жұмысын қайта күшейтеді

916

Үкімет басшысы әкімдер мен Денсаулық сақтау министріне мониторинг топтарының жұмысын жандандыруды жүктеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Коронавирус: Мониторинг топтары жұмысын қайта күшейтеді

"Жалпы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Вирустың репродуктивтілік индексі – 0,9. Ауруханалар мен жансақтау бөлімдерінде адамдардың саны азайып келеді. "Қызыл аймақта" елорда ғана қалды. Жалпы 13  өңір, яғни басым бөлігі "жасыл аймақта", 3 өңір "сары аймақта". Бүгінгі күні 2,5 миллионнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін және шамамен 1,4            миллионнан астам адам екінші компонентін алды. Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауы қажет. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі санитариялық-эпидемиологиялық шаралардың сақталуы мен вакцинацияға ерекше назар аударсын", - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Премьер-министр маска режимі әсіресе ғимараттардың ішінде сақталатынын мәлім етті. Осы ретте мониторинг топтарының жұмысын жандандыруды жүктеді.

"Өздеріңізге белгілі, аймақтағы көршілес мемлекеттерде аурудың өсуі байқалады. Сондықтан қосымша алдын алу шараларын қабылдау қажет. Бірінші кезекте вакциналаумен қамтуды ұлғайту керек. Вакциналауды одан әрі кеңейтіп, күн сайынғы қарқынын барынша ұлғайту қажет. "Ашық" қосымшасын енгізуді ұлғайтқан дұрыс. Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, халықтың вакцина алуын ынталандыратын пәрменді тәсілдер ойластыру қажет", - деген Премьер-министр бұл істі бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа тапсырды.

Аян Бекенұлы


Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу