Коронавирус: Нью-Йоркте мейрамханалар мен барлар жұмысын тоқтатты

868

Шектеу 17 наурызда күшіне енеді.

Коронавирус: Нью-Йоркте мейрамханалар мен барлар жұмысын тоқтатты

Жаңа коронавирус пандемиясына байланысты АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының билігі шаһардағы барлық мейрамханалар мен барларды уақытша жауып тастауға бұйрық берді. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

Тұтынушыларға тапсырысты үйге жеткізіп салу қызметіне де шектеу  қойылды.

"17 наурызда мейрамхана, дәмхана, бар, тамақты үй жеткізіп салумен айналысатындардың жұмысын шектейтін ереже күшіне енеді. Сонымен қатар түнгі клубтар, кинотеатрлар, театрлар мен концерттік алаңдардың да жұмысы тоқтатылады", – делінген қала әкімшілігінің мәлімдемесінде.

Қала мәрінің дерегіне, бүгінге дейін Нью-Йорк қаласында 5 адам коронавирус салдарынан пайда болған пневмониядан қаза тапқан.

Еске сала кетсек, 11 наурызда Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы Covid-19 деп аталатын жаңа коронавирус індетін пандемия деп жариялаған болатын. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, әлем бойынша қаза тапқандардың саны 6000-нан асса, жұқтырғандардыкі 153000 болды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу