Коронавирус өршіген Уханьда 98 қазақстандық студент қалды

2200

Бұл туралы Сыртқы істер ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. 

Коронавирус өршіген Уханьда 98 қазақстандық студент қалды

Карантин жарияланған Қытайдың Ухань қаласында қазір 98 қазақстандық студент қалды. Жалпы 230 отандасымыз сол шаһарда білім алуда. Көбі демалысқа шығып, Қазақстанға және басқа да елдерге кетіп қалған.

Әзірге студенттерден бөлек өзге азаматтардың бар-жоқтығына қатысты ақпарат  жоқ. Өйткені сапарлай баратын отандастарымыз консулдық есепке тұрмайды екен. Тіпті ресми дерек бойынша Қытайда 10 мың студент оқыса, елшілікте  мыңнан астам азаматтың ғана дерегі тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу