Швеция билігі 1 желтоқсаннан бастап Сovid-19 вакцинациясының сандық паспорттарын қолданысқа енгізетіндігін жариялады. Құжат азаматтарға 100-ден астам адам қатысатын бұқаралық іс-шараларға-концерттерге, спектакльдерге, спорттық және т.б. іс-шараларға қатысу үшін қажет болады.
Бірқатар елдерде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың күнделікті өсімі бойынша антирекорд тіркелді. Германияда екінші күн қатарынан 65 371 жағдай, Оңтүстік Кореяда 3 292 жағдай есепке алынды.