Коронавирус: Павлодарлық науқас 21 наурыздан бері 3 қалаға барған

824

Өңірде тіркелген 3 науқастың бірі жазылып, бірі көз жұмды.

Коронавирус: Павлодарлық науқас 21 наурыздан бері 3 қалаға барған

Кеше Павлодар облысында тағы екі адамнан коронавиурс инфекциясы анықталып, біреуі індет құрбанына айналды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Біржан Досмаилов науқастармен байланыста болған адамдарды анықтау шаралары туралы мәлімет берді.

"9 сәуір күні коронавирустық инфекцияның 2 жағдайы тіркелді. Өкінішке қарай біреуі көз жұмды. Қаза болған науқас 1936 жылы туған Павлодар тұрғыны. Ол  8 сәуір күні ауруханаға түсіп, коронавирусқа тест тапсырды. Келесі күні сынамасы инфекция бар екенін растады. Ер адам бронх демікпесі, өкпенің абструктив созылмалы ауруы, жүректің ишемиялық ауруы, үшінші дәрежелі артериялық гипертензиясы және көкірек терісінің қатерлі ісігі диагноздарымен есепте тұрған.  Марқұммен байланыста болған адамдар анықталды. Бұл 118 адам. Оның екеуі аруханаға жақызылды. 65 адам үй карантинінде", – деген басқарма басшысы екінші науқастың жағдайы қазір тұрақты деген мәлімет айтты.

"Екінші науқас 1981 жылы туған Павлодар тұрғыны. 8 сәуірде КВИ белгілерімен жұқпалы аурулар емханасына жедел жәрдеммен жеткізілген. Қазір жағдайы тұрақты. Емделушінің айтуынша, 21 наурыздан бері ол Қазқастанның бірнеше қаласына: Қарағанды, Шымкент, Тараз қалаларына барған. Онымен байланыста болған 158 адам анықталды. Олардың алтауы стационарлық карантинге жатқызылып, 114 адам үй карантиніне оқшауландырылды. 38 адам басқа өңір тұрғындары. Олардың мәліметтері тиісті облыстардың мекемелеріне жіберілді", – деді Біржан Досмаилов.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу