Коронавирус пен пневмония статистикасы біріктіріліп жарияланды

736

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіруді міндеттеген болатын.  

Коронавирус пен пневмония статистикасы біріктіріліп жарияланды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша жаңартылған статистиканы ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2020 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша, COVID-19 зертханалық расталған жағдайлардың саны – 1226, соңғы бір тәулікте 36 адам қайтыс болды. Анықталмаған этиологиясы бар, бірақ коронавирустық инфекцияның клиникалық және эпидемиологиялық белгілері табылған пневмониямен ауырғандар саны – 5181. Өткен тәулікте пневмония диагнозымен 30 өлім жағдайы тіркелді", – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Кеше коронавирусқа қатысты жаңартылған коронавирус статистикасы 2 тамызда жарияланады деп хабарлаған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу