Коронавирус пен пневмониядан 101 адам қайтыс болды

905

345 науқас өте ауыр халде жатыр.

Коронавирус пен пневмониядан 101 адам қайтыс болды

Елімізде COVID-19-дан 80 адам, пневмониядан 21 адам қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте 7 778 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, COVID-19 жұқтырғандар саны 564 885-ке жетті.

Өткен тәулікте 5 060 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері 467 972 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

30 шілдедегі мәлімет бойынша 93 580 адам коронавирустан емделіп жатыр. 

"Олардың ішінде 26 408 пациент стационарда, 67 172 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 639 адамның жағдайы ауыр, 345 пациенттің жағдайы өте ауыр, 180 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар COVID-19 бен пневмониядан 101 адам көз жұмды.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

"Сары аймақта": Түркістан облысы.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 5 321 718 адам, екінші компонентін 3 632 067 адам салдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу